Жігіттер әскерге аттанды

Жігіттер әскерге аттанды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

28 панфиловшы-гвардияшылар саябағында Қарулы Күштер қатарына 50 жас жігітті шығарып салу шарасы өтті. 

Шара барысында десанттықтар қоян-қолтық ұрыс кезінде қолданатын әдістерін көпшілікке көрсетсе, әскери оркестр патриоттық әнмен іс-шарының көркін кіргізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.  

Жыл сайын Алматыдан үш мыңнан астам жас шақырылып, бір жарым мыңға жуық жас алматылықтар әскер қатарын толықтырады. 

Айта кету керек, Алматыдан әскерге аттанған жігіттер Қорғаныс министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланның және ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызметін өткеретін болады. Іріктеу және бөлу кезінде әскерге шақырылғанға дейін алынған мамандықтар ескеріледі. Іс-шараға Алматы гарнизонының әскери қызметшілері,  Б.Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері, әскерге шақырылушылардың туыстары қатысты.