Алматы облысының 19 оқушысы вирус жұқтырды

Алматы облысының 19 оқушысы вирус жұқтырды
Сурет: Іnform.kz

КВИ анықталған 370 науқастың 36-сы 14 жасқа дейінгі балалар, ал оқушылар арасында 19 жағдай анықталды.

Жұқпалы аурулар ауруханасында  барлығы 617 адам емделіп жатыр , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, өңірде вирустың тарау қарқыны – 1,0%, оның ішінде 326 симптомдық, 44 симптомсыз жағдай.

Облыс аудандары арасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші:

Балқаш–8,

Еңбекшіқазақ-15,

Ескелді–15,

Жамбыл–23,

Іле-12,

Қарасай-22,

Қаратал-9,

Кербұлақ-7,

Кеген-9,

Көксу-9,

Панфилов–17,

Сарқан-7,

Талғар–36,

Ұйғыр–10,

Талдықорған–155,

Текелі-16.

Сондай – ақ, бүгінгі күнге дейін 29 555 пациент ауруханадан жазылып шықты. Соңғы тәулікте стационардан 50 пациент және үй оқшаулауынан 215 адам шығарылды. Барлығы инфекциялық ауруханада - 617 адам жатыр, аурухана толымдылығы - 44,1%. Айта кетейік, 618 034 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 482 437 тұрғын екінші рет вакцина алып үлгерген. Негізінен, жыл басынан бері Алматы облысына вакцинаның 1 компонентінен 679 255 дозасы келіп түскен болатын.