Юлия Путинцева 15-інші жеңісіне қол жеткізді

Юлия Путинцева  15-інші жеңісіне қол жеткізді
inform.kz

Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогында Қазақстан рекордына қол жеткізді

Қазақстандық Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогында жекелей сында 15-інші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, бұл –еліміздің теннисшілері арасындағы рекордтық нәтиже. Осыған дейін Қазақстан әйелдер құрамасының қазіргі капитаны Ярослава Шведова мен Зарина Диястың еншісінде 14 жеңістен бар еді.

Ю.Путинцева Билли Джин Кинг додасында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Бүгін ол Германияның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анжелика Керберді 3:6, 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Бұл оның Кербермен өзара кездесулеріндегі алғашқы ұтысы еді.

«Бірінші болып сынға түсу қашанда қиын. Бастапқыда абыржығандықтан, өзіме-өзім келе алмадым. Бірінші сет соңында соққыны сезіну керектігін түсіндім. Сосын Анжеликаның осал тұстарын табуға тырыстым. Ашық қалған жерлерді көздеп, оны көбірек жүгіртуді ойладым. Бұл тактикам жүзеге асты. Мұндай матчта әрбір ұпай маңызды. Ертеңгі ойында да барымызды саламыз», - деді Ю.Путинцева.