Жетісу өңірінде сұлу қойды таңдауға арналған байқау өтеді

Жетісу өңірінде сұлу қойды таңдауға арналған байқау өтеді
Сурет: Zoopark-rostov.ru

Барлық фермері өз жануарларын қатыстыра алады.

Алматы облысында ең сұлу қойды таңдауға арналған байқау өтеді. Оған өңірдің барлық фермері өз жануарларын қатыстыра алады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. 

«Бұл ақпарат «Вечерний Талдықорған» газетіне жарияланды», - дейді әлеуметті желі пайдаланушысы.

Оның айтуынша, «Ең сұлу қой – 2022» байқауына жануарды қатыстыру үшін иесі 10 мың теңге міндетті жарна төлеуі шарт. Ал байқаудың жалпы жүлде қоры ең әдемі қойдың иесіне табысталады.

Басқа байқаулар сияқты, мұнда да ең тартымды жануарды қазылар алқасы анықтамақ. Финалы шілде айына жоспарланған көрінеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????????© ZTB QAZAQSTAN 2022 (@ztb_video)