Жеке куәлігін жиі жоғалтатын азаматтарға мемлекеттік баж мөлшері артады

Жеке куәлігін жиі жоғалтатын азаматтарға мемлекеттік баж мөлшері артады
Сурет: Ашық дереккөзі

Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне осындай түзету енгізу туралы бастама жасап отыр.

Жеке куәлігін жылына екі реттен көп жоғалтқан адамдарға аталған қызмет үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшері көбейтілмек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне осындай түзету енгізу туралы бастама жасап отыр.

Құжат мәтінінде жоғалған жеке куәлігін қалпына келтіру туралы өтінішті бір жылда үшінші рет беріп тұрған адам 1 АЕК (3 450 теңге) көлемінде мемлекеттік баж төлейтіні айтылған. Қазіргі қолданыста Қазақстан Республикасының кез келген азаматы жеке куәлігін ресімдеу немесе ауыстырғаны үшін 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлейді.

«Құжатты қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік баждың ұлғаюы азаматтарды жеке басын куәландыратын құжаттарға ұқыпты қарауға ынталандырады», – делінген құжатпен қоса берілген негіздемеде.