Жаяулар жүрісінен жаңылмайды

Жаяулар жүрісінен жаңылмайды
Сурет: ашық дереккөз

Бұқаралық ақпарат құралдарында, бұрын «Ашық НҚА» порталында жарияланған Жол жүрісі қағидаларының 16-тармағына енгізілген түзету жобасы халық пен сараптамалық қоғамдастық арасында кеңінен талқыланды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі жаяу жүргіншілердің көшеден өтуін шектейтін жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізілуіне қатысты түсініктеме бергені жайында жазған болатынбыз. 

Ұсынылған түзетуге сәйкес, реттелетін қозғалыс орындарында бағдаршамның немесе реттеушінің рұқсат беру сигналы қосылған кезде жаяу жүргіншілерге жол қиылысы арқылы бұрын бастаған қозғалысты аяқтайтау үшін көлік құралдарына жол беру ұсынылды.

Қазіргі уақытта қоғамдық пікірді және сараптамалық қоғамдастықтың пікірін ескере отырып, аталған түзету жобадан алынып тасталды.