«Жасыл даму» басшысы қызметінен кетті

«Жасыл даму» басшысы  қызметінен кетті
Сурет: Inform.kz

«Жасыл даму» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Жанат Самат қызметінен кетті

Бұл мәліметті ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрллігінің баспасөз хатшысы Олжас Берікнбаев растады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ол «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы болып биылғы жылдың 1 ақпанында тағайындалған болатын.

«Жасыл даму» - қалдықтарды кешенді басқарумен айналысатын компания. Өнім қалдықтарын кешенді басқарудың бірыңғай жүйесін құру, осы қалдықтарды қайталама шикізат ретінде айналымға тартып, бизнестің кеңінен қатысуымен қоқыс өңдеу саласының инфрақұрылымдық дамуына жәрдемдесіп, «жасыл» технологияларды енгізеді.