"Кітап әлеміндегі бақытты балалық шақ"

"Кітап әлеміндегі бақытты балалық шақ"
Cуреттер: Almaty-akshamy.kz

М.Ганди саябағында балалар күніне орай «Кітап әлеміндегі бақытты балалық шақ» атты іс-шара өтті.

Мерекелік шара Алмалы ауданы әкімдігінің қолдауымен Халықаралық балаларды қорғау күнінде қала тұрғындарының, оның ішінде бүлдіршіндердің көңіл-күйін көтеріп, қала ішін көркейту мақсатында ұйымдастырылды.

"Бүгін мерекелік бағдарлама негізінде М.Ганди саябағында ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар ойнатылды. Сондай-ақ, "Шебер қолдар" үйірмесі болды, «Жарқын жаз» бағдарламасы аясында суретшілер сайысы өтті. Іс-шара аясында балалар өз өнерлерін көрсете алды. Домбыра тартып, ән-күйлерімен көпшілікті тәнті етті", – деді №4 кітапхана бөлімшесінің қызметкері Толқын Құрамысова.

Ұйымдастырушылар шара аясындағы жарыстардың жеңімпаздарына әртүрлі сыйлықтар беріп, одан бөлек барлық бүлдіршіндерге қызықты кітаптар сыйлады. Саябақ аумағындағы жарыса жүгірген балалар мен жүздері жарқыраған ата-аналар мерекелік көңіл-күйде жүрді.