Головкинмен жұдырықтасқан Мурата мансабын аяқтай ма?

Головкинмен жұдырықтасқан Мурата мансабын аяқтай ма?
Сурет: Elorda.info

 Риота Мурата мансабын аяқтамақшы

Жапон боксшысы Риота Мурата (16-3, 13 КО) қазақстандық Геннадий Головкиннен (42-1-1, 37 КО) жеңіліс тапқаннан кейін өз мансабын аяқтау жайлы шешімге келіпті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

«Мен байсалды шешім қабылдауым керек. Менің ойымша, қазір бокстан кетуге қолайлы уақыт, бірақ әзірге жауап бере алмаймын»,– деді Мурата.

Жапондық БАҚ Муратаның Головкинмен жекпе-жек алдында берген сұхбаттарының бірінің үзіндісін келтіреді.

«Мұндай жағдай бола ма, жоқ па, білмеймін, бірақ жеңілсем, бокстан кететініме сенімдімін. Егер жеңсем, келесі жекпе-жек туралы ойлануым керек. Содан кейін мен күресті жалғастырудан басқа амалым жоқ. Бәрі аяқталғаннан кейін бұл туралы ойлауым керек», – деген еді ол.