Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан қазақстандық Белоруссиядан экстрадицияланды

Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан қазақстандық Белоруссиядан экстрадицияланды
Сурет:КазТАГ

Ол Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікті деп танылған.

9 ақпан күні Қазақстан Бас прокуратурасының қызметкерлері Интерполдың көмегімен Қазақстан азаматын Беларусь Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қадағалаушы орган ұсынған мәлімет бойынша, ол Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікті деп танылды.

"Қылмыс жасағаннан кейін аталған тұлға қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға әкелініп, қамауға алынды", деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бас прокуратура, Қазақстанның заңнамасына сәйкес, жоғарыда аталған қылмыстар үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін атап өтті.