Жапонияда құс тұмауына байланысты 10 миллиондай тауықтың көзі жойылды

Жапонияда құс тұмауына байланысты 10 миллиондай тауықтың көзі жойылды
Сурет: 24.kz

Бұл елде осы кеселге байланысты құстарды қырудың рекордты көрсеткіші  болып отыр.

Мәліметке қарағанда, биыл құс тұмауы күншығыс елінің 47 префектурасының 23-інде тіркелген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Мысалы, Ибараки аймағында бір күнде 1 млн-ға жуық тауық бауыздалған. Мамандар індеттің өршуі жыл құстарынан болуы мүмкін деп отыр.

Жапония Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлауынша, осыған ұқсас жағдай соңғы рет 2020 жылы тіркелген.