Жалған доллар сатқан шымкенттік сотталды

Жалған доллар сатқан шымкенттік сотталды
Сурет: интернеттен

Ол ақшаны айырбастау кезінде қолға түскен.

Қалалық сот оны 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Қала тұрғыны дәмханалардың біріне барып, жалған 100 долларлық банкноттармен жалпы сомасы 1 900 АҚШ долларын сатқысы келген. Бірақ ақшаны айырбастау кезінде қолға түсті. Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адамның кінәсі дәлелденді. Шымкент соты оны 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды қолма-қол ақшаны алғанда мұқият болуға кеңес берді.