Үкімет мүшелері жаңа Су кодексінің қандай болатынын айтты

Үкімет мүшелері жаңа Су кодексінің қандай болатынын айтты
Сурет: Facebook.com

Құжатты әзірлеушілер жобаны Парламентке осы жылдың соңына дейін енгізуді көздеп отыр.

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жаңа Су кодексінің негізгі бағыттарын атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жаңа Су кодексін әзірлеу мақсатында министрлік тарапынан реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты дайындалды. Ол бойынша қоғамдық талқылау басталды. Сарапшылардың қатысуымен тиісті жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ, жаңа Су кодексінің тұжырымдамасын әзірлеуге кірістік», - деді Серікқали Брекешев.

Жаңа Су кодексінің негізгі бағыттары мынадай:

Бірінші. Елдің су-ресурстық әлеуетін сақтау.

Екінші. Су пайдаланушыларды су үнемдеу технологияларын пайдалануға ынталандыратын тетіктерді айқындау.

Үшінші. Су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуды қолдау үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті қолдануды ынталандыратын тариф белгілеу моделін құру.

Төртінші. Қазақстанның су ресурстары әлеуетін есепке алу және болжау, мониторингтеуді цифрландыру, сондай-ақ су ресурстарын басқарудағы ғылымның рөлін арттыру.

Бесінші. Ұлттық заңнаманы халықаралық құқық қағидаттарымен үйлестіру. 

«Жаңа Су кодексінің жобасын Парламент Мәжілісіне келесі жылдың желтоқсан айында енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді министр.