Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінің үздік үштігіне енді

Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінің үздік үштігіне енді
Сурет: Elorda.info

Көш басында GGG тұр.

The Ring журналы әр салмақ дәрежесі бойынша үздік боксшылардың жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Орта салмақтағы тізімде қазақстандық Геннадий Головкин көш бастап тұр. Қазақстанның тағы бір өкілі Жәнібек Әлімханұлы төртінші орыннан үшінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы қазір вакантты. Геннадий Головкин бұл салмақта WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болса, Жәнібек Әлімханұлы - WBO тұжырымы бойынша белбеу иегері.

The Ring нұсқасы бойынша ең үздік орта салмақтағы Топ-10 боксшы:

1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан);

2 (3). Хайме Мунгия (Мексика):

3 (4). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан);

4 (6). Карлос Адамес (Доминикан Республикасы);

5 (-). Лиам Смит (Ұлыбритания);

6 (7). Риота Мурата (Жапония);

7 (8). Сергей Деревянченко (Украина);

8 (9). Эрисланди Лара (Куба);

9 (10). Феликс Кэш (Ұлыбритания);

10 (5). Кіші Крис Юбенк (Ұлыбритания).