Қазақстан-Эстония арасында саяси консультациялар өтеді

Қазақстан-Эстония арасында саяси консультациялар өтеді
Сурет: Egemen.kz

2023 жылғы 31 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасының сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтеді.

Отырысқа ҚР СІМ Еуропа департаментінің директоры Олжас Сүлейменов және ЭР СІМ Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаментінің бас директоры Марге Мардисалу-Кахар тең төрағалық етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Іс-шара аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен кездесу, сондай-ақ Назарбаев университетінде М.Мардисалу-Кахардың дәрісі жоспарланған.