Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» жекпе-жекке шыққысы келеді

Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» жекпе-жекке шыққысы келеді
Сурет: 24.kz

Бұл туралы боксшы Twitter-де жазды.

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы супер орта салмақтағы чемпион мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әлімханұлының мүддесін қорғайтын Top Rank промоутерлік компания оқырмандарынан көп күтетін жекпе-жек туралы жазуын сұраған. Әлімханұлы бұл жазбаға «Жәнібек пен Канело» деп пікір қалдырған.