Қазақстандық әнші Украинаның «Голос» шоуында көрмей тыңдау кезеңінен өтті

Қазақстандық әнші Украинаның «Голос» шоуында көрмей тыңдау кезеңінен өтті
Сурет: Elorda.info

Әнші Ерназар Жұбан Украинаның «Голос» шоуында бақ сынап көрді

The Weekend тобының «Take My Breath» әнін орындаған атыраулық жігітке белгілі продюсер Алексей Поталенко (Потап) бұрылды.

25 жастағы әнші қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жобаның ұйымдастырушыларымен байланысқа шыға алмағанын айтты. Бағына орай, барлығы аяқталған соң, Киевке үлгеріп ұшып келгенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

«Соңғы сәтте бұрылғым келіп кетті. Себебі дауыспен ойнап тұрдыңыз. Барлығы мінсіз болды дей алмаймын. Бірақ батылдығыңыз үшін бұрылдым. Біз Қазақстаннан келетін қатысушыларды өте жақсы көреміз. Олар – нағыз жауынгерлер», – деді Потап Ерназардың өнеріне баға беру барысында. 

Айта кетейік, Ерназар Жұбан былтыр «Қазақстан дауысы» жобасына қатысқан еді. Ол Сәкен Майғазиевтің тобында өнер көрсетті.