Елімізде жемқор шенеуніктердің аты-жөні жазылған тізім жариялануы мүмкін

Елімізде жемқор шенеуніктердің аты-жөні жазылған тізім жариялануы мүмкін
Сурет: Stan.kz

Жемқор шенеуніктердің есімдері белгілі болуы мүмкін

Арнайы агенттік бейінді заңға өзгерістер енгізу жобасын ұсынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық актілерге және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізу жоспарланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.

Консультатив құжаттар биыл 13 мамырда жария талқылау үшін Ашық нормативтік құжатт актілері порталына және агенттіктің сайтына шығарылады.

Талқы мерзімі - 15 жұмыс күні.

Айта кетейік, Ресейде жемқор шенеуніктер тізімі 2018 жылдан бар. Онда пара бопсалаған тұлғаның тегі, есімі, әкесінің аты және лауазымы жарияланған. Сондай-ақ ол жұмыстан босатылған органның атауы, себебі мен күні мәлім етіледі. Қандай заң нормаларын бұзғаны да көрсетіледі.