Руслан Желдібай Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Руслан Желдібай Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды
Сурет: Inbusiness.kz

Ол осы жылдың 14 ақпанында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалған болатын.

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген. "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Еңбек жолын 2012 жылы "Қазақстан" телеарнасында редактор болып бастаған. 2012-2018 жж. – "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер. 2018-2019 жж. – ҚР Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының м.а., басшысы. 2019-2020 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары. 2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. Осы жылдың 14 ақпанында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды.