Үй саудасы азайды

Үй саудасы азайды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сұраныстың төмендеуі үшінші айда да өзгеріссіз қалды.

Қазақстанда тұрғын үй сатылымы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазіргі уақытта Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында бастапқы нарықтағы баға төмендеген (айына - 0,4 пайыз), ал қайталама тұрғын үй нарығындағы баға өскен (айына + 0,2 пайыз).

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың наурыз айында халық тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 26 389 мәміле жасаған. Оның ішінде 20 815 пәтер және жеке тұрғын үй бойынша 5 574 мәміле жасалып отыр. Жалпы көрсеткіш бір айда 13,6 пайызға төмендеген.