Бишімбаев ашуға бой алдырды

Бишімбаев ашуға бой алдырды
Сурет: видеодан алынды

Қ.Бишімбаев куәгер мен жәбірленушілерді қорғаушыларға дауыс көтеріп, айқайлай бастады.

Оның айтуынша, куәгер Анар Тасова берген айғақтарында шындықты бұрмалаушылық бар, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Салтанат Шымкентке келгенге дейін олар бір-бірін көрген емес. Ол оның жеке басы туралы ештеңе айта алмайды. Сонымен қатар, мен Салтанаттың жұмыс істеуіне қарсылық танытқан емеспін. Бұл алмасқан хаттарында да анық байқалады. Анара Тасова 19 ақпанда ұрыс болғаны туралы еске алады. Мен былай түсіндірер едім: біз Шымкентте қонақта болдық. Онда тек жігіттер жиналып бас қосқан болатынбыз. Сол үшін Салтанаттың үйге баруын өтіндік. Дәл осы кезде Салтанат қыздарды шақыратынын айтып, ашуға ырық берді. (...) Осылайша ол қарсылық танытқан болатын. Анар Тасова айтқандай мен оны азаптаған туралы сөздің ешқандай қатысы жоқ.  Олар тек іскерлік қарым-қатынаста болды. Оған Салтанат ұсақ-түйек, жұмысқа қатысты тапсырмаларын берді. Ол қазір көрсеткісі келіп тұрғандағыдай қарым-қатынас емес», – деп айғайлады Бишімбаев.