Үндістанда «қызанақ тұмауы» таралып жатыр

Үндістанда «қызанақ тұмауы» таралып жатыр
Сурет: 1news.az

Бұл вирустың табиғаты әлі толық зерттелмеген.

Үндістанда балаларға жаңа вирус – «қызанақ тұмауы» диагнозы қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оны «қызанақ безгегі» деп те атайды. «Қызанақ тұмауы» деген атау жұқтырған кезде денеде ауыратын қызыл көпіршіктердің пайда болуымен түсіндіріледі.

The Guardian басылымының жазуынша, ол жаялық пен лас заттар арқылы жұғады. Иммундық жүйесі әлсіреген балаларға қауіпті.

Бұл вирустың табиғаты әлі толық зерттелмеген.

Lancet мақаласында айтылғандай, «қызанақ тұмауы» вирустық инфекция емес, чикунгунияның немесе денге безгегінің салдары болуы мүмкін.

Үндістанда әдетте жаңбырлы маусымда чикунгунья мен денге безгегі өрши түседі.