«Ұлы дала баласы ұлы даласын сыпырып жатыр»

«Ұлы дала баласы ұлы даласын сыпырып жатыр»
Сурет видео скрині

Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде өзінің көше сыпырып жүрген видеосын жариялады

Полицейлерді балағаттағаны үшін 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған белгілі әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде өзінің көше сыпырып жүрген видеосын жариялап, сот үкімін орындап жүргенін айтты.

«Соттың шешімі бойынша, 40 сағаттық қоғамдық жұмыс тапсырған болатын. Түске дейін саябақта болдық. Енді осы жерді тазалап жатырмыз. Бұл менің тәуелсіз отаным, тәуелсіз елім, тәуелсіз жерім, тәуелсіз Қазақстаным. Әлбетте, әнұраны, көк туы бар елдің міндетті түрде заңы болады. Ол заңның алдында барлығымыз бірдейміз. Оған бағынуымыз керек. Міне, ұлы дала баласы ұлы даланы сыпырып жатыр. Мұның еш әбестігі жоқ. Керісінше, тазалық сақтау – сүннет. Өз жатқан-тұрған жеріңді таза ұстау, ертең ас ішетін ыдысыңды бүгін жуып қою деген тазалық. Ал тазалық иманнан емес пе?», - дейді әнші бейнежазбада.