Якутияда аяз 60 градусқа жақындады

Якутияда аяз 60 градусқа жақындады
Сурет: ашық дерекөз

Саха Якутия Республикасында аяз 60 градусқа таяп қалды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ЯСИА (Якутия-Саха ақпарат агенттігі) агенттігіне сілтеме жасап.

Оймякон әдеттегідей ең суық елді мекен болып қалды. 5 желтоқсан күні таңда мұнда Якутиядағы ең төменгі температура 57 градусты көрсетті.

Ал Амгада температура – 53, Ытык-Кюель, Чурапче, Хабардино, Жылы қайнар мен Батамайда термометр бағаны 52 градусты көрсетті.

Намцы, Усть-Нер, Верхневилюйск, Усть-Моме, Крест-Хальджа мен Покровскіде күн сәл жылылау.