Сайлау бәріміз үшін өте маңызды тарихи жағдай - Толқын Забирова

Сайлау бәріміз үшін өте маңызды тарихи жағдай - Толқын Забирова Сурет: Ашық дереккөзі

Көптің көңіліндегі әуелгі мәселе – түрлі саладағы реформаның тиісінше нәтиже беруі


«Алдағы президент сайлауы – ең әуелі ел болашағына үміт артатындар үшін үлкен мүмкіндік». Бұл – қазақ өнерінің қайраткерлерінің пікірі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Ал көптің көңіліндегі әуелгі мәселе – түрлі саладағы реформаның тиісінше нәтиже беруі. Сондықтан саяси қадамдардың жасалуы елдің әр азаматына тікелей байланысты.


«Үлкен реформалар жасалып жатыр. Осының барлығы ары қарай өз жүйесін тауып, жалғасса, ең басты нәрсе – сол. Сайлаудан кейінгі менің күтетінім, халықтың күтетіні, мен сияқты қазақтың азаматтарының күтетіні – сол», – деді  актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда.


«Бұл саяси науқанда тыс қалуға болмайды»деген өнер қайраткері елдегі өзгерістің қай-қайсысы болмасын, азаматтардың өз қолында деген пікірде. Өйткені Отан – отбасынан басталады.



«Бұл – сайлау бәріміз үшін өте маңызды тарихи жағдай. Бәріміз жаңа Қазақстанға бет бұрып жатырмыз. Ол біздің балаларымыздың болашағы, біздің болашағымыз, тіптен біздің еліміздің болашағы. Сондықтан, осы сайлауға бәріміз атсалысып, жұмылып, белсенді қатысу керекпіз деп ойлаймын», – деді әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22