Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан қос жігіттің мәйіттері елге жеткізіледі

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан қос жігіттің мәйіттері елге жеткізіледі
Сурет: Inform.kz

 Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан Әділ мен Мирболаттың мүрдесі 11 ақпанда елге жеткізіледі.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

«Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан мерт болған Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтың мүрдесі 11 ақпанда елімізге жеткізіледі», - деді Айбек Смадияров БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге сала кетсек, Түркияның Хатай провинциясына қарасты Антакья қаласында жүргізілген іздеу жұмыстарының барысында 9 ақпан күні таңғы сағат 9-да үйінділер астынан екі адамның мәйіті табылды. Оның біреуі түркиялық Құбылай Кескин болып шықты. Екінші мүрде - Әділ Қадырбековтікі. Оны марқұмның туыстары растады.

Ал бүгін Мирболат Құрмашевтің денесін құтқарушылар үйінді астынан алып шыққаны белгілі болды.