Түркияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 39,6 мыңнан асты

Түркияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 39,6 мыңнан асты
сурет:ria.ru

Қазір іздестіру-құтқару жұмыстарының басым бөлігі аяқталды.

Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 39 672-ге жетті деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Апат кезінде құлаған 20 мыңнан астам ғимарат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілген. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстарының басым бөлігі аяқталған.