«Томирис» те таңдау жасады

«Томирис» те таңдау жасады
Сурет: Сайлау 2023

Алматыда «Томирис» фильмі арқылы танылған актриса Альмира Тұрсын дауыс берді. 

Актриса өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына дауыс беру сәтін «Ирина Кайратовна» тобының әні арқылы жүктеді. 


«Мен өз таңдауымды жасадым. Азаматтық борышымды атқардым. Достар, сайлауға баруды ұмытпаңыздар! Егер сіз партия мен кандидаттарды таңдамасаңыз, бюллетеньдерде «бәріне қарсы» деген таңдау бар. Таңдау құқығыңызды пайдаланыңыз!» - деп жазды актриса.