Тоқаев қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуді тапсырды

Тоқаев қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуді тапсырды
Сурет: gov.kz

Сонымен қатар шекара арқылы заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін келіссөздерді жалғастыру қажет екені атап өтілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасында қалыптасқан серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеуді тапсырды.

Сондай-ақ тауарларды шекара арқылы заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін цифрландыру мен автоматтандыруды неғұрлым белсенді енгізу мәселесі бойынша қырғыз тарапымен келіссөздерді жалғастыру қажет екені атап өтілді.