Того Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Того Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Сурет: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі. Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.