Тырысқақ ауруының әлемге таралу қаупі жоғары

Тырысқақ ауруының әлемге таралу қаупі жоғары
Сурет: Medqaz.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары осылай ескертеді.

Жыл басталғалы бұл дерт 25 елде тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Былтыр 16 мемлекетте болған еді. Ұйым мүшелері тырысқақ дерті бұрынғы жылдармен салыстырғанда, жылдам таралып жатыр деп дабыл қағуда. Қазіргі кезде ауру тіркелген елдерде вакцина жетіспейді және ауруханаларында бос орын жоқ.