Негізгі магистралды көшелерді орташа жөндеу жұмыстары бекітілген уақытынан ерте аяқталады

Негізгі магистралды көшелерді орташа жөндеу жұмыстары бекітілген уақытынан ерте аяқталады
Cурет: Liter.kz

 Абай және Әл-Фараби даңғылдарында жөнделетін бірнеше бөлік қана қалды.

 Қаладағы негізгі даңғылдарда көлік қозғалысы бекітілген кестеге сәйкес 31 тамылға қарай аяқталуы керек болған. Алайда жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бетінде жұмыстар толығымен аяқталып, солтүстік бетінде Достық даңғылынан Ходжанов көшесіне дейін жөнделген болатын. Енді 5 тамыз сағ.23:00-ден 7 тамыз 06:00-ге дейін Ходжанов көшесінен Гагарин даңғылына дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеуге байланысты көлік қоозғалысы шектеледі. 6 тамыз күні Ходжанов көшесінен Дулати көшесіне дейін реверсивті көлік қозғалысы ұйымдастырылады. 

Абай даңғылында екі мердігер ұйым қатар жұмыс жасап жатыр. Батыс бағытта Достық даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін жөндеу жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы ашылған. Ал шығыс бағытта Наурызбай батыр көшесінен Достық даңғылына дейінгі соңғы бөлік жөнделмек. Аталған бөлікте 6 тамыз сағ.23.00-ден 8 тамыз сағ.06.00-ге дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеуге байланысты көлік қозғалысы шектеледі. 

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін патрульдік полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді. Реверсивті көлік қозғалысы кезінде Әл-Фараби даңғылында жылдамдықты 40км\сағ шектеу туралы белгілер қойылып, жолақтар конусты фишкалармен белгіленеді. Реверсивті қозғалыс алдында екі жақтан көлік ағындарын бөліп тұратын металл турникеттер қойылады.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы магистральдық көшелерге жол төсемін төсеуде алғаш рет жаңа технологияларды қолданылды. Асфальтбетондардың құрамында полимерлер қолданылады. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсару температурасы жоғары (65-70°C), ыстыққа төтеп беріп, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді. Қазіргі 5 жылдың орнына 8-10 жыл пайдалануға болады.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.

Уақытша схемалары

3-шығыс бағытта - Абай даңғылы-Сейфуллин даңғылы-Құрманғазы көшесі-Назарбаев даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

3-кері бағытта-өзгеріссіз;

32-солтүстік бағытта - Желтоқсан көшесі-Сәтбаев көшесі-Достық даңғылы - Шевченко көшесі-Назарбаев даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

32-кері бағытта - өзгеріссіз;

57-шығыс бағытта - Абай даңғылы-Наурызбай батыр көшесі-Сәтпаев көшесі-Назарбаев даңғылы-Абай даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

57 - кері бағытта - өзгеріссіз;

65-шығыс бағытта - Абай даңғылы-Сейфуллин даңғылы-Құрманғазы көшесі-Достық даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

65 - кері бағытта - өзгеріссіз;

66-шығыс бағытта - Абай даңғылы-Сейфуллин даңғылы-Құрманғазы көшесі-Достық даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

66 - кері бағытта-өзгеріссіз;

79-солтүстік бағытта - Байтұрсынов көшесі - Сәтбаев көшесі - Назарбаев даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

79 - кері бағытта - өзгеріссіз;

92 - солтүстік бағытта - Абай даңғылы-Сейфуллин даңғылы-Құрманғазы көшесі-Желтоқсан көшесі-бұдан әрі схема бойынша;

92 - кері бағытта - өзгеріссіз;

98 - солтүстік бағытта - Абай даңғылы-Сейфуллин даңғылы-Құрманғазы көшесі-Абылай хан даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

98 - кері бағытта - өзгеріссіз;

99-оңтүстік бағытта - Абылай хан даңғылы-Құрманғазы көшесі-Назарбаев даңғылы-Абай даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

99-кері бағытта-өзгеріссіз;

118 - шығыс бағытта-Абай даңғылы-Сейфуллин даңғылы-Құрманғазы көшесі-Назарбаев даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

118-кері бағытта - өзгеріссіз;

128-шығыс бағытта - Абай даңғылы-Сейфуллин даңғылы-Сәтпаев көшесі-Достық даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

128-кері бағытта - өзгеріссіз;

205-солтүстік бағытта - Желтоқсан көшесі-Сәтбаев көшесі-Назарбаев даңғылы-Төле би көшесі-бұдан әрі схема бойынша;

205-кері бағытта - өзгеріссіз;

120А - шығыс бағытта-Абай даңғылы-Сейфуллин даңғылы-Қабанбай батыр көшесі-Достық даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

120А-кері бағытта-өзгеріссіз;

ТП5 - шығыс бағытта - Саин көшесі-Жұбанов көшесі-Саин көшесі-Абай даңғылы-Әуезов көшесі-Гоголь көшесі - Абылай хан даңғылы - Алматы теміржол вокзалы-2;

TP5 - кері бағытта - өзгеріссіз;

ТР6 - шығыс бағытта-Саин көшесі-Жұбанов көшесі-Саин көшесі-Абай даңғылы-Әуезов көшесі-Гоголь көшесі - Абылай хан даңғылы - Алматы теміржол вокзалы-2;

TP6 - кері бағытта - өзгеріссіз;

ТП11-шығыс бағытта-Марғұлан көшесі-Момышұлы көшесі-Жұбанов көшесі - Алтынсарин даңғылы-Жандосов көшесі-Тимирязев көшесі - Байтұрсынов көшесі - Құрманғазы көшесі-Масанчи көшесі-Қабанбай батыр көшесі-Достық даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

TP11-кері бағытта-өзгеріссіз;

ТП19 - шығыс бағытта - ҚАП3-Әшімов көшесі-Рысқұлов даңғылы-Емцов көшесі-Райымбек даңғылы - Өтеген батыр көшесі-Абай даңғылы-Әуезов көшесі-Гоголь көшесі-ПКиО - Гоголь көшесі-Қалдаяқов көшесі-жасыл базар;

TP19 - кері бағытта - өзгеріссіз;

ТП25-шығыс бағытта-Марғұлан көшесі - Момышұлы көшесі-Абай даңғылы-Әуезов көшесі - Гоголь көшесі - ПКиО;

TP25 - кері бағытта - өзгеріссіз.

Троллейбус маршруттарының шығуы қысқартылды:

5-маршрут - 15-тен 8-ге дейін.

6-маршрут - 13-тен 8-ге дейін.

11 маршрут-с18-ден 8-ге дейін

19 маршрут-с15 8pe

25 маршрут - 20-дан 15-ке дейін

Барлығы: 18 маршруттың қозғалыс схемалары өзгертілді;

Күні: 23:00 06.08.2023 ж. бастап 06:00 08.08.2023 ж. дейін