Тель-Авивте 80 мың адам шеруге шықты

Тель-Авивте 80 мың адам шеруге шықты
сурет:hromadske.ua

Шерушілер сот жүйесін қайта қарауды талап етті

Сенбі күні кешке Тель-Авивтегі Хабима алаңына он мыңдаған шерушілер шықты. Олар Премьер-Министр Биньямин Нетаньяхудың жаңа үкіметіне және оның Израильдің әділет жүйесін өзгерту жоспарына наразылық білдірді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz hromadske.ua порталына сілтеме жасап.

Алаң мен көшелерге 80 мыңға жуық адам шықты. Шерулер Иерусалим мен Хайфа қалаларында да өтті.

Полицияның ескертуіне және Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирдің тәртіпсіздік жасамауға шақырғанына қарамастан, демонстранттар мен сақшылар арасындағы бірнеше қақтығыс болды. Дегенмен, наразылық соңы бейбіт аяқталды. Шерушілер «Қылмыстық үкімет», «Демократияның аяқталуы» және басқа да ұрандар жазылған плакаттарды, Израиль туын ұстап шықты.

Беньямин Нетаньяху бастаған Израильдің жаңа үкіметі екі аптадан астам уақыт бойы билікте. Саясаткер елдің заң жүйесін қайта қарауды күн тәртібіндегі басты мәселе етіп қойды. Бұл қадам, белсенділердің пікірінше, ел дамуын тежеп, демократияға кері әсер етеді.