TasksCat интернет жобасында қаржы пирамидасының белгілері анықталды

TasksCat  интернет жобасында қаржы пирамидасының белгілері анықталды
Сурет: Sputnik.kz

Жобаға қатысу шарты бойынша азаматтарға тапсырмаларды орындау арқылы табыс табу ұсынылған.

Қаржылық мониторинг агенттігі бұл қаржы пирамидасының сайты жұмыс істемейтінін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жобаға қатысу шарты бойынша азаматтарға тапсырмаларды орындау арқылы табыс табу ұсынылған, ол үшін 2500 теңге көлемінде сыйақы тағайындалуы тиіс болатын.

Жаңа қатысушыны шақырғаны үшін төлемдердің 5-тен 15 пайызына дейін төленуі тиіс еді. Ұйымдастырушылар өз қызметтерін 100-ден 1000 пайызға дейін кірістілікпен «кешенді жобалар» сатқан.

Сондай-ақ, жаңадан келгендер табысқа жету жолы мен жеңімпаздардың қымбат жабдықтары бар фотосуреттерін жариялау арқылы да қызықтырды.

Қаржылық мониторинг агенттігі бұл қаржы пирамидасының сайты жұмыс істемейтінін анықтады.

Сайтты бұғаттау және халықты жинақ ақшасын жоғалту қаупінен қорғау жұмыстары жүргізілуде.

Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында Telegram әлеуметтік желісінде көрсетілген мәлімет Ақпараттық кітапқа тіркеліп, тиісті қорытынды жасау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жолданады.

Тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.

ҚМА азаматтарды сақ болуға және оларды қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айлаларына түспеуге шақырады.