Тағы бір ұшақ шұғыл қонды

Түркияның Анталиясынан Екатеринбургке ұшып шыққан ресейлік Red Wings әуе компаниясының ұшағы 18 қыркүйек күні таңертең Ақтөбеге шұғыл қонды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
«Техникалық ақау шыққанын хабарлады, әрі қарай не болатыны әзірге белгісіз, барлық адамды ұшақтан шығарып, кедендік бақылаудан өткізді», – деді жолаушылардың бірі.