Табыс табудың он үш әдісі

Табыс табудың он үш әдісі
itcrumbs.ru

Нейрондық желілер арқылы айына 2-3 млн теңге табыс табуға мүмкіндік бар

Бұл пікірді жасанды интеллект (AI) технологияларына негізделген жобаны жасаушы PostCheetah Марк Гадала-Мария бөлісті. Ол бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды. Танымал маман ЖИ арқылы айына 10 мың АҚШ долларын табасыздар деген пікірде, біз оны сәл азайтып, 2-3 млн теңге деп жора­малдап отырмыз.

Марк Гадала-Мария ChatGPT чатботы сияқты AI негізін­дегі бағдарламалар интернетте ақша табудың ең оңай жолы деп санайды. Оларды монетизациялау нұсқаларының арасын­да әзірлеуші 13 схеманы ұсынады:

  1. КІТАП ЖАЗУ

Журналдар, нұсқаулықтар, кітаптар жасау үшін Midjourney және ChatGPT нейрондық желілерін пайдалану абзал, содан кейін оларды Amazon.com электронды кітап платформасы Kindle Direct Publishing (KDP) сайтында жариялау арқылы монетизациялау ұсынылады. Мен өзім дәл осы жолды басып өттім. Екі кітап жаздым. Бірі – фантастикалық кітап, екінші­сі – балаларға арналған қиял-ғажайып ертегісі. Бірінші кіта­бым қазіргі сәтте Амазон платформасында сатылымда тұр.

  1. ЦИФРЛЫ АГЕНТТІК ҚҰРУ

Қазір әлеуметтік желі арқылы қызметіңізді сата аласыз. Мысалы, нейрондық желілер логотиптерді сызып, тіпті әлеу­меттік желілерді іске қоса алады.

  1. БАҒДАРЛАМАЛАУ

Нейрондық желілер кодты өздігінен жаза алады. Cіз мұн­дай тапсырыстарды фрилансерлерге арналған сайттардан таба аласыз. Ол жақта жақсы төлейді.

  1. КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

Ақпаратты жылдам жинау және талдау мүмкіндігі ней­рондық желілерді пайдаланып құнды кеңестер беруге мүмкіндік береді. Түрлі салалардағы кеңес беру қызметтері - IT-ден бастап, заң, web3-ке дейін, қазір меніңше әр саладағы эксперттерді адамдар іздеп жүреді.

  1. SAAS ҚОСЫМША ЖАСАУ

Автор SaaS қосымшаларын (қызмет ретіндегі қызмет) жасау арқылы нейрондық желілерде ақша табуды ұсынады. Мысалы, AI әртүрлі twitter аккаунттарының қатысуын баға­лау үшін бағдарлама жаза алады.

  1. АУДИТОРИЯНЫ МОНЕТИЗАЦИЯЛАУ

ЖИ аудиторияны қалыптастырып, одан кейін ақша тап­қысы келетіндерге немесе табыс табу мүмкіндіктерін артты­ру үшін қауымдастықты кеңейтуді қалайтындар үшін қолай­лы. Нейрондық желілерді жаңа пайдаланушыларды тартатын жазбаларға мазмұн жоспарын жасау үшін пайдалануға бола­ды.

  1. АҚЫЛЫ КУРСТАР ЖАСАУ

Нейрондық желінің көмегімен сіз белгілі бір адамдар тобына керекті курстың толық методологиясын жасап, кейін оны сату үшін оқу материалдарын жасай аласыз.

  1. ТАУАРЛАРДЫ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ САТУ

Тауар сататын кісілер өз тауарларына арнап бірегей ди­зайнды жасай алады. Мысалы, белгілі бір қаланың атын, ор­тақ ұрандарды ЖИ арқылы жобалап, футболкаларға басып шығаруға және оларды сатудан ақша табуға болады.

  1. ВЕБ-ДИЗАЙН

Нейрондық желілердің көмегімен сіз веб-сайттар мен әртүрлі платформалар үшін бірегей дизайн жасай аласыз. Жасанды интеллект арқылы қалыптасқан идеяларды сату оңай. Midjourney, ChatGPT және Durable мұндай жұмысқа жарап тұр.

  1. YOUTUBE-ҚА ВИДЕО ЖАСАУ

Нейрондық желілерде ақша табу үшін сіз белгілі аудито­рия үшін ықтимал қызықты саланы табуыңыз керек. Содан кейін ChatGPT арқылы видеоға сценарий жазу керек. Видео­ның өзін жасауға Pictory ұсынылады.

  1. AI АРҚЫЛЫ АРТ ЖАСАУ

Нейрондық желі арқылы жасалған кескіндерді, мысалы, NFT жасап немесе оны Etsy сияқты платформалар арқылы сатуға болады.

  1. КОПИРАЙТИНГ

Сатуға арналған (тауарға) SEO мазмұнын жасау үшін ChatGPT және PostCheetah сияқты нейрондық желілерді пай­далануға болады. Мәтіндерден ақша табуға көмектесетін платформаның мысалы ретінде Writers Access-ке назар ауда­рып көріңіз.

  1. МУЗЫКА

Нарықта музыка жаза алатын нейрондық желілер бар. Мұндай жобаның бірі – Boomy. Оның көмегімен сіз тыңдау­дан пайда табу үшін бірегей тректерді жасай аласыз, содан кейін оларды Spotify және Apple Music сияқты платформалар­ға жүктей аласыз.

Жалпы, жұмыс істеймін деген кісіге тақырып көп. Осылардың әрқайсысының артында миллиондар айналып жатыр.

Айтпақшы, менің кітабым Амазонға наурызда шыққан, екінші кітапты енді қоямын. Мәтінін жаздырып қойғанмын. Тек аз жұмысы қалды.


«Аlmaty-akshamу», №86, 20 шілде, 2023 жыл