Қасым хан жайында фильм түсіріліп болды

Қасым хан жайында фильм түсіріліп болды
Сурет: Вrod.kz

Тарихи киноның түсірілімі аяқталды.

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілімі аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Достар, біз «Ұлы дала таңы» түсірілімін аяқтадық. Біздің команданың әр қатысушысына осы тамаша кезең үшін, баға жетпес тәжірибе үшін, еңбектеріңіз бен кәсіпқойлықтарыңыз үшін алғыс айтқым келеді», - деп жазды фильм режиссері Ақан Сатаев желідегі парақшасында. 

Қазақ мемлекетінің қалыптасуы туралы тарихи-патриоттық фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілді.

Кинокартинада басты рөлдерді Берік Айтжанов, Данияр Оразаев, Ерік Жолжақсынов және Айдос Әбдіқадіров сомдайды Фильм XVI ғасырдағы Қазақ хандығының билеушісі - Қасым ханның жетістіктері туралы баяндайды.