Жарнама және маркетинг қызметі қайтадан сұранысқа ие бола бастады

Жарнама және маркетинг қызметі қайтадан сұранысқа ие бола бастады
Сурет: Ipapus.com

Бір жылда қызмет көлемі 64% өскен.

Қазақстанда жарнама мен маркетинг қызметіне деген сұраныс артып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ranking.kz cайтына сілтеме жасап.

Үстіміздегі жылдың үш айында жарнама және нарықты зерттеу саласында 72,1 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 70,2% көп болып отыр. Инфляцияға түзетілген өсу жылына 63,9% құрады.

Анықтама үшін: өткен жылдың осы уақытымен салыстыратын болсақ, сектордағы қызмет көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,4% -ға азайып, 42,4 млрд теңгені құраған.

Аймақтар бойынша қарайтын болсақ, жарнама және маркетинг қызметі көп жағдайда Алматыда сұранысқа ие болып жатады. Бұл сұранс көлемі  59,1 млрд теңгеге жетіп, кіріс көрсеткіші 78,1% құрады. Алматының Қазақстан Республикасынан алатын үлесі бір жыл ішінде 78,4% -дан 82%-ға дейін өскен.

Сонымен қатар бұл қызмет  Нұр-Сұлтан (7,6 млрд. теңге) және Шымкент (942 млн.) қалаларында сұранысқа айтарлықтай ие.

Бұл сала мамандарының қызметі Түркістан облысында айтарлықтай сұранысқа ие емес, көрсетілген қызмет көлемі небәрі 62,1 млн теңгені құрайды.