Сovid-19: Үндістанда 6 мың жаңа дерек тіркелді

Сovid-19: Үндістанда 6 мың жаңа дерек тіркелді
сурет: bbc.com

Кейінгі 2 тәулікте ел бойынша 6 мыңнан астам дерек тіркелді.

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны тағы да артты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 24.kz сілтеме жасап.

Кейінгі 2 тәулікте ел бойынша 6 мыңнан астам дерек тіркелді. Бұл жыл басынан бергі орташа көрсеткіштен 10 есе жоғары. Бұған қоса қауіпті инфекциядан 2 адам бақилық болған. Осыған байланысты тұрғындар шектеу шаралары қайтадан енгізіле ме деп қауіптене бастаған. Бірақ дәрігерлер алаңдауға еш негіз жоқ дейді. Жалпы, Үнді елінде COVID-19-бен ауырып, ауруханада жатқан науқастар саны әлі де төмен. Айта кеткен жөн, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы биыл пандемия аяқталуы мүмкін деп мәлімдеген еді.