Алдағы күндері Қазақстанның солтүстігінде күн салқындайды

Алдағы күндері Қазақстанның солтүстігінде күн салқындайды
Сурет: Ukranews.com

Түнде ауа температурасы +7 +12°С дейін төмендейді.

«Қазгидромет» мамандары шілденің 30 мен тамыздың 1 аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, Қазақстан аумағы бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады, ол найзағай ойнап,  бұршақтың түсуіне және жауын-шашынға әкеледі. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде кейде қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді», - делінген синоптиктердің хабарламасында. 

Республиканың солтүстігінде түнде термометрлер +7 +12°С дейін төмендейді, күндізгі ауа температурасы солтүстікте +15 +25°С, батыста +30 +35°С, елдің орталығы мен шығысында +20 +28°С, ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +22 +33°С болады деп болжануда.