Соңғы 10 жылда Алматы халқының саны 37%-ға өскен

Соңғы 10 жылда Алматы халқының саны 37%-ға өскен
Сурет: Almaty.tv

Алматы аумағы соңғы 10 жылда 2,5 есе өскен. 

Қазақстан мегаполистерінің халқы мен аумағы жылдан-жылға өсіп барады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазТАГ сілтеме жасап.

«Ірі қалалардағы халық саны мен олардың маңындағы аумақтар жылдан-жылға өсіп бара жатыр. Оны бақылау мүмкін емес. Мәселен, соңғы 10 жылда Астана қаласының халық саны 59%-ға, Алматыда 37%-ға, Шымкентте 67%-ға өскен», - деді Сенаттың пленарлық отырысында «Агломерацияны дамыту туралы» заң жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, сонымен қатар келесі қалалардың аумақтары да біршама үлкейген: Астана елорда болғалы үш есе, Алматы соңғы 10 жылда 2,5 есе, Шымкент 3,5 есе өскен.