Сирияда зардап шеккендерге көмек жеткізу қиындады

Сирияда зардап шеккендерге көмек жеткізу қиындады
Сурет: Ашық дереккөз

Күннің суықтығынан тірі қалғандарды табу үміті азайып барады

Сириядағы тозығы жеткен инфрақұрылым құтқару жұмыстарын қиындатып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға көмек жеткізу мүмкін болмай жатыр.

Әзірге жолдардың біреуі ашылды. Тағы екі өткізу пункті іске қосылады.

Ал, үйінді астында жатқандарды шығаруға ауыр техника жоқ. Апаттан 3 мыңдай адам қаза тапқан, деп жазады qazaqstan.tv.

Ресми мәліметтерге сай, зілзала болған елдің солтүстік-батысындағы қалаларда 11 миллионға жуық адам тұрады.

Күннің суықтығынан тірі қалғандарды табу үміті азайып барады. Оның үстіне аяз күшейді. Ал үйсіз қалғандар далада түнеуге мәжбүр.