Синоптиктер өрт қаупі жайлы ескертеді

Синоптиктер өрт қаупі жайлы ескертеді
Сурет: Almaty.tv

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Қазгидрометтің болжамы бойынша,  аптап ыстыққа байланысты тілсіз жаудан келер қауіп сейілмей тұр. Сынап бағаны алдағы 3 күнде 35 градусқа дейін көтеріліп, кей өңірлерде тіпті 40-градусқа дейін жетуі мүмкін. Ал Астанада бүгін найзағай ойнап, бұршақ жауады. Дүлей соққан жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Абай облысында бұршақ жауып, шаңды дауыл соғады.