Шорт-тректен әлем кубогінде Денис Никиша үздік атанды

Шорт-тректен әлем кубогінде Денис Никиша үздік атанды
Сурет: Ашық дереккөз

Ол 402 ұпаймен бірінші орынға ие болды

Отандасымыз Денис Никиша Дордрехт (Нидерланды) қаласында шорт-тректен әлем кубогінің қорытындысы бойынша үздік атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап. 

Денис Никиша 500 метр қашықтықта жалпы есепте көш бастап, 402 ұпаймен бірінші орынға ие болды.

Еске салсақ, Денис өткен жылы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде күміс алған болатын. Одан кейін Алматыда өткен екі кезең барысында алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық Абзал Ажғалиев үздік ондықтың қатарынан көрінді.