«Шығыс қақпасында» 2000 орындық жаңа мектеп салынады

«Шығыс қақпасында» 2000 орындық жаңа мектеп салынады
twitter.com

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Мектептер мен балабақша мәселелеріне қатысты. Биылғы жылы №48 мектеп жаңартылып, оған 250 орындық қосымша корпус салынады және №131 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, сейсмикалық жағынан күшейтіледі.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Құлжа күре жолының оңтүстігіне қарай «Шығыс қақпасы» жаңа полицентрдың аумағында 2000 орындық жаңа мектеп салынады.

Құрылыс жұмыстарын бастау IV тоқсанға жоспарланған. Жеке инвестордың қаражаты есебінен "Думан" шағынауданында 1200 орындық мектеп салу жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары келесі жылы басталады.