Шығармашылық орталық ашылады

Шығармашылық орталық ашылады
Сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Наурызбай ауданында осы көктемде балаларға арналған шығармашылық орталық ашылады.

Наурызбай ауданында көпсалалы инновациялық шығармашылық орталықтың (Оқушылар сарайы) құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Орталық осы жылдың мамыр айында ашылып, 5 мыңнан астам баланы қосымша біліммен қамтамасыз етеді. Бүгінде аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді қала басшысы.