Алматыда бір тәулікте 5 мыңнан астам адам вакцина алды

Алматыда бір тәулікте 5 мыңнан астам адам вакцина алды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында бір тәулікте 5685 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«23 қыркүйек күні 5685 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2 287, II компонентін 3 398 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 23 қыркүйек аралығында қалада 938 222 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 834 493 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 117 171 адамның жасы 60-тан асқан», - деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.