Шетелдік көліктерді заңдастыру 1 шілдеден кейін де жалғасуы мүмкін

Шетелдік көліктерді заңдастыру 1 шілдеден кейін де жалғасуы мүмкін
Сурет: Syrboyi.kz

Көліктерді заңдастыру құжаттарын қабылдау 23 қаңтарда басталған. 

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша,  қазақстандық нөмірді алып үлгермегендер мен белгілі бір шектеуге байланысты заңдастыра алмағандар көп, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Бүгінге дейін 365 мыңнан астам адам өтініш тастаған. Ал оның 144 мыңға жуығы ғана бастапқы тіркеуден өтіпті. 14 мыңнан астам автомобильді әлі тексеріп жатыр. Бұған дейін құжат қабылдау мерзімін ұзартуды мәжіліс депутаттары да талап еткен еді.

Олар шетелдік көлік арзан әрі сапалы, бүгінде көптеген қазақстандыққа отбасын асыраудың негізгі құралы болып отыр деген еді. Министрлік тиісті құжатты 23 маусымға дейін қоғамдық талқылауға салмақ.