Шекарашылар шектен шықты

Шекарашылар шектен шықты
Сурет: kun.uz

Оқиға Ферғана облысында орын алған.

Шекарашылар заң талабына сай көлікті тексеру үшін тоқтатып, заңсыз әкелінген тауарларды анықтаған. Ал контрабандашылар бұған қарсылық танытып, шекарашылар оларға қарсы оқ жаудырды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Оқиға 16 қазанға қараған түні болған. Вадил ауылында шекарашылар көлікті тоқтатады. Содан кейін, мән-жайды анықтау үшін екі азаматқа шекара бекетіне бару керектігі айтылады. Дәл осы кезде жан-жақтағы өзге де адамдар жиналып, әскерилерге қарсылық көрсете бастайды. Нәтижесінде әскери қызметшілер мен азаматтар арасында жанжал туындайды.  Екі жақтың күші тең болмағандықтан шекарашылар зардап шекті. Сондықтан әскерилер ескерту ретінде бірнеше рет оқ атуға мәжбүр болды, деп хабарлайды елдің шекара қызметінің Telegram арнасы.

Алайда шабуылшылар шегінбеген. Сондықтан шекарашылар жиналғандарға қарсы оқ жаудырған. Салдарынан екі азамат оқиға орнында қаза тапты.

Қазір бұл іске қатысты құқық қорғау органдары тергеу жүргізіліп жатыр.