Шамалған бекетінің айналма жол құрылысы қарқын алды

Шамалған бекетінің айналма жол құрылысы қарқын алды
Сурет: Ашық дереккөзі

Жобада 3 жол өтпесі мен 20 су өткізу құбырының құрылысы қарастырылған

Мердігер ұйым Шамалған бекетінің айналма жолы нысанында құрылыс-монтаждау жұмыстарын қарқынды жүргізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бүгінде теміржолдар мен жергілікті автожолдардың үстінен өтетінкөпірлердің құрылысы жалғасуда. Құрылыс жұмыстарына 55 бірлік арнайы техника мен 250-ге жуық адам жұмылдырылды. Жер төсемі жұмыстары  80% - ға аяқталып, 140 дана арқалық құралымдық бөлшектер орнатылды (барлығы 174 дана).

Жобада 3 жол өтпесі (көпірлер) мен 20 су өткізу құбырының құрылысы қарастырылған. Бүгінгі таңда көпірлердің құрылысы 79% - ға, ал су өткізу құбырлары 85% - ға аяқталды. Темірбетон бұйымдары мен инертті материалдарды дайындау жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұдан басқа, "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп құрылысқа қажет жер учаскелерін қолданысқа алу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.